Система Orphus

Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырыстары 2007 жылғы маусым және желтоқсан айында өтеді

06.04.2007, 18:14 654

АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Аслан Мусиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентітгі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың күн тәртібініде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда. индустрия және сауда министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Нұрашевтің шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-жалпы отырысының хаттамалық шешімдерінің орындалу барасы туралы есебі және "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" ассоциациясының басқарма төрағасы Деннис Прайстың баяндамасы тыңдалды.

Бұдан басқа, кеңестің 17-ші және 18-ші жалпы отырыстарына дайындық мәселелері талқыланды. Аталмыш іс-шаралар 2007 жылғы маусым және желтоқсан айында өтеді деп көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны