12.06.2009, 13:38 1600

Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында біртұтас Кедендік одақ құру инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады - Назарбаев

Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында біртұтас Кедендік одақ құру инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында біртұтас Кедендік одақ құру инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында біртұтас Кедендік одақ құру инвесторлар үшін жаңаша мүмкіндіктер тудырады", - деді Н. Назарбаев.

"Біз 168 млн халқы және 2008 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық Жалпы ішкі өнімі шамамен 2 трлн долларды құрайтын біртұтас рынок құрып жатырмыз. 2010 жылдың 1 шілдесінде үш елдің арасында тауарларды кедендік рәсімдеу жойылады", - деді президент.

Оның пікірінше, тікелей шетелдік инвестициялар тарту саясатын қарқындандыру қажет. "Бұл экономикада мейлінше тепе-теңдіктегі және тұрақты құрылымды жасақтап, қарыз капиталының арта түсуіне байланысты тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді", - деді ол.

"Мен кеңестік шетелдік мүшелерін халықаралық іскерлік және қаржылық ортадағы байланыстарын Қазақстанның мүмкіндіктеріне инвесторлардың ынтасын тартуға пайдалануға шақырамын", - деді мемлекет басшысы.

"Үкімет жоғары деңгейде дәйектелген, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген инвестициялық жобаларды дайындап, оларды шетелдік инвесторлар кеңесі арқылы да белсенділікпен ұсынуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны