01.06.2010, 13:20 3242

Қазақстан, Ресей мен Беларусь Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде жеке-жеке келіссөздер жүргізуде - Айтжанова

Қазақстан, Ресей мен Беларусь Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде жеке-жеке келіссөздер жүргізуде - Айтжанова

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан, Ресей мен Беларусь Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде жеке-жеке келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту бойынша, өздеріңіз білесіздер, РФ үкімет басшысы Владимир Путин енді біз ұйымға өз ұстанымдарымызды келісе отырып өтеміз деп мәлімдеме жасады ", - деді Ж. Айтжанова.

"Бірақ іс жүзінде үш мемлекет те Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөнінде жеке-жеке келіссөздер жүргізуде" , - деді ол.

Оның айтуынша, дегенмен, "Кедендік одақтың құзыреті аясына кіретін мәселелер бойынша, атап айтсақ, импорттық кедендік баж салығы және тауар импорты режимі секілді мәселелер бойынша өз ұстанымдарымызды келісетін боламыз".

"Ал РФ үкімет басшысы нені меңзеді десек, Қазақстан мен Ресей келіссөздерді біршама алға жылжытты, жоғарғы деңгейде, сол себепті, біз үшін Кедендік одақ комиссиясы шешім қабылдайтын шарттарды үйлестіру бойынша серіктес елдермен келісімге келу біз үшін жеңіл деген сөз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны