09.06.2009, 17:31 2926

Қазақстан, Ресей және Украина елдері астық экспорттаушылардың біртұтас пулын құру мәселелерін зерттеу үшін жұмыс тобын құрады

Қазақстан, Ресей және Украина елдері астық экспорттаушылардың біртұтас пулын құру мәселелерін зерттеу үшін жұмыс тобын құрады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан, Ресей және Украина елдері астық экспорттаушылардың біртұтас пулын құру мәселелерін зерттеу үшін жұмыс тобын құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен брифингте ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Вице-министр еске салып өткендей, астық экспорттаушылардың пулын құру туралы идеяны РФ президенті Дмитрий Медведев Санкт-Петербургте 6 - 7 маусымда өткен Бүкіләлемдік астық форумының ашылуында жария етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны