07.09.2010, 15:40 3938

Қазақстан Ресейде уран байытатын кәсіпорынның акция пакетін сатып ауға мүдделі екендігін растады

Қазақстан Ресейде уран байытатын кәсіпорынның акция пакетін сатып ауға мүдделі екендігін растады. Бұл туралы бүгін Иркутск қаласында өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумында журналистерге Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің.

Алматы. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Ресейде уран байытатын кәсіпорынның акция пакетін сатып ауға мүдделі екендігін растады. Бұл туралы бүгін Иркутск қаласында өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумында журналистерге Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің.

Оның айтуынша, еліміздің өкілдері "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенкомен келіссөздер өткізеді. Сөйтсе де, ҚР премьер-министрі қазастан тарапы акциясын сатып алмақ болып отырған кәсіпорынның атын атамады.

"Мен уран байыту бойынша жұмыс істеп тұрған ресейлік кәсіпорындардың бірінің акция пакеттерін сатып алуға деген Қазақстан Үкіметінің ниетін тағы бір мәрте нақтылап отырмын. Біз кәсіпорынды анықтап қойғанымызбен, мен әзірге акция сатып алатын кәсіпорынның атын нақты айта алмаймын, сатып алу жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын. Арамызда келісім жасалған соң біз бірден ақпарат бере аламыз", - деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны