30.01.2013, 10:05 3456

Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салуы мүмкін

Қазақстан мұнайының жартысын Қытайда өңдеуді көздей отырып, Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салуды қалайды, деп кеше "Коммерсант" газеті мәлімдеді.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мұнайының жартысын Қытайда өңдеуді көздей отырып, Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салуды қалайды, деп кеше "Коммерсант" газеті мәлімдеді.

"Елдің мұнай және газ министрлігі үкімет қаулысының екі нұсқасын дайындады. Біріншісінде жоғары октанды бензин мен дизелді отынды импорттауға жарты жыл мерзімге толық тыйым салу айтылса, екіншісінде осындай мерзімге "мөлшерін шектеу" енгізу туралы айтылған", дейді құжатпен танысқан басылым.

Басылым мәліметі бойынша, үкімет қаулысына сәйкес, Ресейден мұнай өнімдерін әкелу бойынша "ҚазМұнайГаз" компаниясына оператор мәртебесі бекітілмек. Қазақстан үкіметі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай компаниясына осы қаулыны орындау кезінде кері қаржылық нәтиже болу ықтималдығын есепке алу бойынша қажетті шара қабылдауды ұсынды.

Қазақстан үкіметі мен "ҚазМұнайГаз" түсінік беруден бас тартқан. Газеттің Ресей үкіметіндегі дереккөздері Астананың жоспары туралы әзірге ештеңе білмейді.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей мен Қазақстан вице-премьерлері Игорь Шувалов пен Қайрат Келімбетов кездеседі. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны