07.06.2012, 09:53 1331

Қазақстан Ресейге мұнай өнімдерінің баж салығынсыз жеткізілімдерінің орнын шикі мұнаймен толтырады

Қазақстан Ресейге мұнай өнімдерінің баж салығынсыз жеткізілімдерінің орнын 1,5 млн тонна көлеміндегі мұнаймен толтырады, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Мәскеу. 7-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Ресейге мұнай өнімдерінің баж салығынсыз жеткізілімдерінің орнын шикі мұнаймен толтырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Ресейге мұнай өнімдерінің баж салығынсыз жеткізілімдерінің орнын 1,5 млн тонна көлеміндегі мұнаймен толтырады, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

"Балансқа әзірге қол қойылған жоқ, біз әзірге қол қойған жоқпыз, өйткені ҚР-ға жеткізілетін мұнай өнімдерінің желісі бойынша айтылған туралы келісіп қойғанбыз. Ресей Федерациясының бюджетіндегі шартты шығын болып есептеледі, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл сомаға шикі мұнай жеткізіледі. Онда 1,5 млн тонна шамасында болады деп ойлаймын", - деді С. Мыңбаев үкіметте.

Бұрын РБК мен РФ статс-хатшысы, қаржы министрінің орынбасары Сергей Шаталовқа сілтеме жасап хабарланғандай, Ресей мен Қазақстан ҚР-ға баж салығынсыз отын жеткізілімдерінен түзілген бюджеттің шығатын кірістерін өтеу бойынша келісімге келді, бұл үшін Ресейге 2 млн тонна көлемінде қазақ мұнайы жеткізіледі. Қазақстан мұнай өндіріп, экспорттағанымен, Кеден одағы шеңберінде Ресейден мұнай мен мұнай өнімдерін баж салықтарынсыз импорттайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны