05.02.2010, 16:21 3154

Қазақстан ресейлік мұнайдың жеткізіліміне қатысты мәселені бірнеше күннің ішінде реттемек ниетте - ЭМРМ

Қазақстан ресейлік мұнайдың жеткізіліміне қатысты мәселені бірнеше күннің ішінде реттемек ниетте - ЭМРМ

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан ресейлік мұнайдың жеткізіліміне қатысты мәселені бірнеше күннің ішінде реттемек ниетте. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресей мұнайын Қазақстанға жеткізу "осыдан бірнеше күн бұрын ғана" тоқтатылған. Министрдің айтуынша, жеткізілімнің тоқтауына "техникалық ақаулықтар себеп".

"Кедендік одақ бойынша нормативтік база шығарылған кезде бұл құжаттарды тиісті дәрежеде түсіндіру талап етілген. Меніңше, Ресейдің кеден қызметі таяу уақыттарда түсініктеме алады және жеткізілім жуырда жанданады, сөйтіп, ресейлік мұнайға экспорттық кедендік баж салығы енгізіледі", - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. "Бұл - бірнеше күннің мәселесі және ол реттеледі", - деді министр.

"Қысқа мерзімді кезеңде егер Ресей мұнайының жеткізілімі мүлдем тоқтатылатын болса, онда зардап айтарлықтай болмақ, ондай жағдайда біз ішкі нарықтың конфигурациясы туралы ойлана бастаймыз", - деді С. Мыңбаев.

Жеткізілімнің доғарылуы ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығына әкелмей ме деген сауалға министр солай деп жауап берді. "Егер жеткізіліп қайта жанданбаса, онда бұл жанар-жағармай тапшылығына қатысты ахуалға әсерін тигізетіні белгілі. Онда бұл - үлкен мәселе болмақ және біз онда түбегейлі ойланатын боламыз", - деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны