02.12.2008, 18:19 2881

Қазақстан республиканың шешуші қызмет көрсету салаларына келетін компаниялардың заңды тұлға құру талабын қорғап отыр - Айтжанова (толық нұсқасы)

Қазақстан республиканың шешуші қызмет көрсету салаларына келетін компаниялардың заңды тұлға құру талабын қорғап отыр - Айтжанова (толық нұсқасы)

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан энергетика, транспорт, құрылыс, аудиторлық және сауда салалары секілді республиканың шешуші қызмет көрсету салаларына келетін компаниялардың заңды тұлға құру талабын қорғап отыр, яғни, біз шетелдік компанияның филиалы түінде келмей, еншілес компания ретінде келуді қолдаймыз. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның қызмет көрсету рыногына қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты міндеттемесі қаржылық және телекоммуникациялық қызмет секторларын одан әрі кезең-кезеңмен либерализациялау және Қазақстан нарығына қызмет көрсетуге келген компаниялар үшін ғана шетелдік кәсіби білікті мамандар мен менеджерлерді шақыру шарттарын ырықсыздандыруды көздейді", - деді ол.

"Бұл орайда Қазақстан бір компания шеңберінде шетелдік мамандар мен менеджерлер санын 50 пайызбен шектеуді талап етуде, бұл еңбек нарығын қорғау мен елдің өз мамандарының әлеуетін дамытуға септігін тигізеді", - деді вице-министр.

Өз кезегінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: "біз ДСҰ-ына бізге қадет болған кезде және біз үшін пайдалы шарттар қабылданған жағдайда ғана мүшелікке өтеміз",- деп мәлімдеді.

"Осы мәселенің төңірегінде әңгіме көп, бізді ұлттық позициядан айрылды деп жүр. Бірақ, мемлекет басшысы біздің алдымызға Қазақстан үшін пайдалы жағдайда ДСҰ-ына мүшелікке өту жөнінде міндет қойған, бұл -аса маңызды. Біздің ұйымға өтуге тиіс уақытымыз деп қызылмен бөле-жара көрсетілген күнтізбеде нақты күн жоқ", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны