Система Orphus

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Атамекен" ҰКП ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

28.04.2017, 21:26 6640

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Атамекен" алаӊында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

АӨК-ті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ауқымды баяндама жасалып, құжаттыӊ жаӊашылдықтары мен артықшылықтары айтылды.

"Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойылған Келісім еліміздіӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтасу мен жұмысты үйлестіруді нығайту базасын құрайды деп атап өтті.

Осы Келісім ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде ҚР АШМ және "Атамекен" ҰКП арасындағы стратегиялық әріптестік пен тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады. "Қазақстанныӊ аграрлық секторыныӊ үлкен әлеуетін ескере отырып, бұл ынтымақтастық отандық өнімніӊ бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, өндірісін арттыруға және сыртқы нарыққа шығуына ықпал етеді", - деді Вице-Премьер.

Шара барысында 2017 жылдыӊ ақпан айында қабылданған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ауқымды баяндама жасалып, құжаттыӊ жаӊашылдықтары мен артықшылықтары айтылды. АӨК-ті дамытудыӊ бағдарламасын әзірлеу сәтінен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен де, қайта өӊдеушілермен де өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн.

Ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою - Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін жаӊа серпін беріп, ауыл тұрғындарыныӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Келісім АӨК-ті дамыту саласындағы заӊнамалық базаны жетілдіру бойынша бірыӊғай келісілген ұсыныстарды әзірлеуге, өнім және шикізат экспорты мен импорты мәселелерінде ұстаным қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өткізу жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Министрлік пен "Атамекен" Ұлттық палатасы бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешені субъектілерініӊ ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне бірігуіне ынталандыруға, фитосанитарлық қауіпсіздік, республика аумағын ветеринарлық бақылау мен қадағалау жүйесін жетілдіруге, отандық өнім өндірісініӊ өсуіне жағдай жасайды.

Шара барысында су тасқынына зардап шеккен өӊірлер жағдайы да сөз болды. Су тасқынынан болған салдарды ретке келтіру емес, мұндай тәуекелдерді алдын алуға әлде қайда аз шығын кететіні айтылды. Сонымен қатар, Келісім аясында АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіру, шағын және орта фермерлерді оқыту бағдарламасын іске асыру, техникалық базаны дамыту көзделген.

Сондай-ақ, осы Келісім аясында тараптар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 40-тан астам іс-шарадан тұратын бірлескен жоспарға қолдарын қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны