19.02.2015, 11:54 3944

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ Америка Құрама Штаттарына сапары туралы

Америка Құрама Штаттарына жасаған сапар шеӊберінде Бас Прокурор Асхат Дауылбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысыныӊ айрықша тапсырмалары жөніндегі кеӊесшісі Томас Шэннонмен және Есірткімен күрес жөніндегі басқарма Директоры Мишель Леонхартпен кездесті

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Америка Құрама Штаттарына жасаған сапар шеӊберінде Бас Прокурор Асхат Дауылбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысыныӊ айрықша тапсырмалары жөніндегі кеӊесшісі Томас Шэннонмен және Есірткімен күрес жөніндегі басқарма Директоры Мишель Леонхартпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысыныӊ кеӊесшісімен өткізілген келіссөз барысында Қазақстанныӊ Бас Прокуроры қазақстандық прокуратураныӊ заӊдылық пен құқықтық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметініӊ негізгі бағыттары туралы баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан Бас прокуратурасыныӊ американдық құзырлы органдармен өзара ынтымақтастық қағидасы негізінде қылмысқа қарсы әрекет ету, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру саласындағы белсенді жұмыстары атап өтілді.

Сұхбаттасушылар қазіргі әлемніӊ жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы тұру мақсатындағы екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты бұдан әрі жалғастыруға қатысты пікір алмасты. Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау салаларындағы өзара әрекеттестікке байланысты мәселелер қарастырылып, сондай-ақ экстремизмге қарсы күресте ортақ шешімдер және бірлескен шаралар әзірлеуге бірегей мүмкіндік туғызады деп күтіліп отырған алда өтетін Саммит жұмысы туралы да сөз қозғалды.

Шарттық-құқықтық негізді кеӊейту және нығайту мәселесі сұхбаттыӊ дербес тақырыбына айналды. Қол қоюға дайындаудыӊ еӊ соӊғы кезеӊін өткеріп жатқан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы екі ел арасындағы шартты жасасу Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарыныӊ құқықтық ынтымақтастығын дамытуда айрықша серпін беретінін тараптар атап айтты.

Есірткімен күрес жөніндегі басқарма директорымен болған кездесу барысында есірткі саудасына қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, есірткі транзиті мен жеткізу жолдарын анықтау жөніндегі бірлескен іс-шаралардыӊ нәтижелері атап өтілді.

А.Дауылбаев Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру аясында заӊсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді, сонымен қатар Қазақстанныӊ құқық қорғау және арнайы қызметі қызметкерлері үшін Квантико қаласында орналасқан Есірткімен күрес жөніндегі басқарма академиясында оқу семинарлары мен тренингтерін өткізудіӊ маӊыздылығын ерекше атап өтті.

Сұхбаттасушылар трансұлттық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша одан әрі күш жұмылдыруға, сондай-ақ осы салада жедел ақпарат, тәжірибе және заӊнама алмасуға дайын екендіктерін баса айтты.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны