20.05.2008, 17:46 3081

Қазақстан Республикасы Қырғызстанның мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын қосымша қаржыландыруға биыл 80 млн теңге бөледі

Қазақстан Республикасы Қырғызстанның мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын қосымша қаржыландыруға биыл 80 млн теңге бөледі

Бішкек. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Қырғызстанның мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын қосымша қаржыландыруға биыл 80 млн теңге бөледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және су ресурстары министрлігі жанындағы су шаруашылығы департаментінен хабарлады.

"Қазақстан жіберілген суға ақы төлемейді. Бірақ, Шу және Талас өзендеріндегі Ортотокой су қоймасы, Киров су қоймасы, Шығыс Шу үлкен каналы, Батыс Шу үлкен каналы және Айналма Шу каналы секілді мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын қосымша қаржыландыруға қатысады.

"Жыл сайын Қазақстан техникалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарына әрқилы ақша төлейді. Өткен жылы көршілеріміз 2 млн АҚШ долларын бөлді. Ал биыл 80 млн теңге көлеміндегі ақша бөлу жоспарланып отыр", - деп хабарлады су шаруашылығы департаментінің директоры Баратәлі Қошматов.

Қырғызстанның су энергетикалық кешенінің проблемасына арналған бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан мен Өзбектстан су жіберу қызметін жасағаны үшін Қырғызстанға ақша төлеуі керек деген пікірлер айтылды.

Атап айтқанда, энергетика жөніндегі халықаралық сарапшы, Қырғызстан Республикасының Мұнай трейдерлері қауымдастығының басшысы Базарбай Мамбетов көршілес елдер Қырғызстанда өндірілген электр қуатын адам сияқты нарықтық құнымен сатып алуы және төлеуі керектігін атап көрсетті.

Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан 6 айдың ішінде кВт-сағатына 1,1 центпен 2,2 млрд кВт-сағат электр энергиясын сатып алады. "Дегенмен олар мұны жасамайды. Ал су алғылары келеді", - деді ол.

Сарапшы сондай-ақ, Өзбекстанда ішкі электр энергиясының бағасы әр кВт-сағатқа 3 - 5 цент аралығында екенін хабарлады.

"Жазда біздің арзан электр энергиямызды сатып алуға бет бұру үшін біз Қазақстан мен Өзбекстанға кепілдендірілген түрде 2 цент шамасындағы бағамен электр қуатын сатуымыз керек деп есептеймін", - деп мәлімдеді ол.

"Бірақ, біздің көршілерімізге жазда су көбірек қалуы үшін қыста Тоқтағұл су қоймасына су жинаған кезімізде су жібергеніміздің ақысын төлеулері керек", - деп мәлімдеді энергтика жөніндегі халықаралық сарапшы.

Б. Мамбетовтың айтуынша, әлемдік тәжірибеде бұл "су жіберу қызметі" деп аталады: өзен арнасының төменгі жағында орналасқан мемлекеттер жоғарыдағы елдерге олардың су жібергені үшін ақы төлеулері керек. "Бұл әлемдік тәжірибе", - деп атап көрсетті ол.

Өз кезегінде "Электр станциялары" ААҚ бүгінгі таңда Қырғызстанның көршілес елдерге электр энергиясын экспорттап отырмағанын хабарлады. "Өткен жылы біз Өзбекстанға әр кВт-сағатқа 1,1 центпен, ал Қазақстанға 1,6 центпен электр қуатын сатқанбыз", - деді "Электр станциялары" ААҚ қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны