12.06.2009, 17:59 2829

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Еуропалық комиссия арасында көлік желісінің даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Еуропалық комиссия арасында көлік желісінің даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Еуропалық комиссия арасында көлік желісінің даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агентті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл құжатқа 2009 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен өткен автомобиль көлігінің халықаралық одағының (АКХО) 5-ші Еуразиялық автокөліктік конференциясы аясында қол қойылды.

Бүгін осы конференцияның қорытындысы бойынша "Ұлы Жібек Жолының жандануы: ниеттен жүзеге асырғанға дейін" тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов, автомобильдік көліктің халықаралық одағы (АКХО) президенті Януш Лацны, АКХО генералды хатшысы Мартин Марми, ТМД аймағындағы АКХО тұрақты өкілдігінің басшысы Игорь Рунов және Қазақстан Республикасының халықаралық автотасымалдаушылар одағының бас хатшысы Теодор Каплан қатысты.

Баспасөз-конференциясына қатысушылар журналисттерге конференцияны өткізудің негізгі мақсаттары туралы айтып берді. Оның ішінде Еуразиялық құрлықта халықаралық автомобиль қатынасының әрі қарай дамуына байланысты ұсыныстар беру, қатысушы елдердің сәйкес құқықтық жағынан бірыңғайландыру мен үйлесімділігіне қол жеткізу жұмысын ширату және шекарадан өтуді жеңілдету мен өзара келісілген тарифтік саясат жүргізу.

Жалпы форумға әлемнің 43 мемлекетінен 520-дан астам делегат қатысуда. Олар 11 мемлекеттің көлік министрлері және Азия және Тұнық мұхиты аймақтары үшін экономикалық және әлеуметтік мәселе бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЭСКАТО), Еуропалық экономикалық комиссия (БҰҰ ЕЭК), Еуропалық комиссия сияқты беделді ұйымдары және көліктік ассоциациялар мен компаниялар басшылары.

Конференция аясында, Жібек Жолының бойында сауда мен автомобиль көлігінің өтуін жеңілдету мәселелері бойынша ұлттық көлік стратегияларды үйлестіру тәртібі талқыланған министрлер мәжілісі өткізілді. Қорытындысында, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Еуропалық комиссия арасында көлік желісінің даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұдан тыс, ҚР Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов басқа қатысушы мемлекеттердің көлік басшыларымен және "Эмбраер" компаниясының өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесу өткізді.

Форум Жібек жолының қайта өрлеу жобасына қатысушылардың қызметтерін бағдарлау мақсатында Алматы декларациясы аталған Еуразиялық министрлік автокөлік конференциясының Бірлескен мәлімдемесіне қол қою рәсімімен аяқталды.

Бұл құжаттың негізгі міндеті - халықаралық автомобиль көлігі саласында БҰҰ конвенциясын қолдануды жүзеге асыру мен нығайту. Сонымен қатар, бұл жөнінде транзит еркіндігі, алым-салық жүйесінің құжаттау мен рационализациялауды жеңілдету және халықаралық конвенциялардың жұмыс істеуін бекіту мақсатында автомобиль көлігінің халықаралық нарығына шығу мүмкіндігін жеңілдету туралы үкіметтік келісімдерге қол қою жайында Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) ережелерін нығайту жатады. Декларация көлік саласында ұлттық және аймақтық саясатты үйлестіруін, сонымен қатар автомагистраль мен автомобиль жолдары желісінің дамуын, теңізге шыға алмайтын елдердің қажеттіліктерін ескере отырып, ортақ мүдделі біріккен жобаларды іске асыру мен осы саладағы тәжірибе алмасуын реттейді. Көліктің барлық түрін ескере отырып, кешенді енгізілетін технологияларға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, халықаралық жүк тасымалын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, оған кезігетін кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастықты және құрамды тасымалдау жүйесі мен жүкті қайта тиеу терминалдарын дамытуға бағытталған.

ҚР Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов конференция жұмысын қорытындылай келе, оған оң баға берді. АКХО өкілдері де мәселеге нақты шешім табуға ұйымдастыру жұмыстарының жоғары дәрежесін атап өтті. Бұл кездесудің ерекшелігі - конференция аясындағы министрлер мәжілісінің өткізілуі болды. Мұндай форматтағы форум үшінші рет өткізілген болатын. Келесі мәжіліс 2009 жылы Грузияда өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны