22.04.2015, 19:40 3558

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметініӊ (ОКҚ) алаӊында "Еуразиялық экономикалық даму моделі шеӊберіндегі ЕАЭО мүше-мемлекеттерініӊ өзара қарым-қатынасы мәселесі" тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтіӊ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ вице-министрі Тимур Жақсылықовтыӊ брифингі өткізілді.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Осыдан 21 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық одақты құру жөнінде өз ойын білдіргендігін еске салып өтеміз. 2014 жылдыӊ мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақты құру жөнінде келісімге кол қойылды, ал осы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстан, Ресей мен Беларусь жаӊа интеграциялық қауымдастыққа енді. Ағымдағы жылдыӊ 2 қаӊтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа Армения Республикасы қосылды, ал алдағы уақытта Қығызстанныӊ мүше-мемлекет ретінде қосылуын күтудеміз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев өз баяндамасында Энергетика министрлігініӊ құзыреті шегінде Қазақстанныӊ ЕАЭО мүше-мемлекетерімен ынтымақтастығыныӊ ағымдағы жағдайы, отандық энергетика саласыныӊ ЕАЭО жүйесіне жоспарланған интеграциялану барысыныӊ басты қағидалары және Қазақстан Республикасы үшін аталған интеграциялану үдерісініӊ болашағы жөнінде айтып өтті.

"2014 жылы Қазақстан мұнайыныӊ экспорты негізінен келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: КТК мұнай құбыры арқылы қаласына 35 млн. тонна, Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы 14,6 млн. тонна, темір жолдары арқылы 2,2 млн. тонна мұнай экспортталады. Яғни, біздіӊ экспортымыздыӊ шамамен 85% сыртқы нарыққа Ресей аумағы арқылы өтеді",-деді өз сөзінде Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев.

Қазіргі таӊда Қазақстан Республикасыныӊ отандық мұнай зауыттарында шығарылатын жанар-жағар май көлемі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз: өндіру көлемі - 7,7 млн. тонна, ал тұтыну көлемі 9,7 млн. тонна. Сол себепті, жетіспейтін көлем негізінен Ресей Федерациясынан импортталады. 2014 жылдыӊ нәтижесінде Қазақстанда 43,2 млрд. текше метр газ шығарылды, бұл 2013 жылғы көлеммен салыстырғанда 102,2 % құрайды.

Тарихи жағдайларға байланысты газды тасымалдау жүйесі Ресейге бағытталған. (Сарыбулак-Зимунай құбыры бойынша Қытайға газ аз көлемде шығарылғандықтан есепке алынбаған).

2014 жылдыӊ нәтижесі бойынша газ экспортыныӊ көлемі - 11 млрд. текше метрді құрайды, соныӊ ішінде 6 млрд. текше метр газ - экспортқа, ал Ресеймен өзара алмастыру операциялары бойынша көлемі 5 млрд. текше метрді құрайтын газ кері қайтарылады.

Қарашығанақ кен орнында қайта өндірілген газ тарихи қалыптасқан бағыт бойынша Орынбор қаласына жеткізіліп, жоғарыда аталған алмастыру операциялары арқылы еліміздіӊ оӊтүстік өӊірлеріне және Қостанай облысына жеткізіледі.

"Теӊіз және Қарашығанақ кен орындары жобаларыныӊ кеӊейтілуі және Қашағанныӊ пайдалануға берілуі Қазақстанныӊ экспорттық мүмкіндіктерін арттырады. Еӊ жақын транспорттық магистраль, ол - Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестеріміздіӊ мұнай және газ құбырларыныӊ желісі болып табылады. Осылайша, мұнайдыӊ 85% экспортыныӊ және газдыӊ 99,5% экспорты Одақтыӊ мүше-мемлекеттері арқылы өтетіндігін ескере отырып, біз серіктес елдермен Еуразиялық экономикалық одақ шеӊберінде жаӊа интеграциялық дәрежеде бекітілген, тығыз және ұзақмерзімді қатынасты орнаттық", - да атап өтті М. Мырзағалиев.

Ортақ нарықты жұмысқа енгізу жоспарланып отыр, ол үшін келесі реттегі құжаттарды әзірлеу қажет:

Біріншіден: Ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесіне дейін Газ, мұнай және мұнай өнімдерініӊ индикативті баланстарын құру методологиясын әзірлеу қажет. Бұл құжат энергетикалық ресурстыӊ әр түріне қатысты индикативті балансты құрудыӊ негізгі тәсілдерін және механизмдерін, құрылымын және ерекшелігін анықтайтын техникалық құжат болып табылады.

Екіншіден: Келесі жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін Ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдерініӊ нарықтарын құру Тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда субъектілер және қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастыӊ мақсаты мен міндеттері, қағидалары (принципы) мен бағыттары, сондай-ақ құрылу кезеӊдері анықталады.

Үшіншіден: 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін, ал іске асырылу мерзімі 2024 жылға жоспарланған Ортақ нарықты құру жөніндегі бағдарламаны бекіту.

Нәтижесінде, 2025 жылы Тұжырымдама мен Бағдарлама ережелеріне негізделген Газ, мұнай және мұнай өнімдерініӊ ортақ нарықтарын құру жөніндегі халықаралық келісім қабылданады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны