10.12.2018, 02:25 8563

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ мен "Оӊалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ қосылды

Бүгінгі күні Қор активтерін басқару және сату процестерін реттейтін Қор активтерін басқару жөніндегі қағидалар пысықталды, олардыӊ шеӊберінде Қор мүлкін сатудыӊ ашықтығы көзделген.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) оған "Оӊалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ-ны (бұдан әрі - ОАБК) қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

ОАБК 1998 жылы Қазақстанныӊ банк жүйесін нығайту үшін Дүниежүзілік Банктіӊ қаржы секторыныӊ бағдарламасы шеӊберінде ҚР Мемлекеттік Оӊалту банкініӊ базасында құрылған және республикалық бюджет есебінен бөлінген кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

Шешім біртекті активтерді біріктіру, қайталанатын функцияларды болдырмау, шығындарды азайту және ресурстарды шоғырландыру есебінен қызметтердіӊ сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Жалпы, қайта ұйымдастыру шаралары 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттіӊ қатысу үлесін ЭЫДҰ елдерініӊ деӊгейіне ЖІӨ - ніӊ 15% - ына дейін төмендету жөніндегі Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін ҚР Қаржы министрлігініӊ ведомстволық бағынысты ұйымдарын оӊтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ірілендірілген Қор өзініӊ негізгі миссиясын - банктердіӊ проблемалық активтерін сатып алу арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу және активтерді басқаруға кешенді көзқарасын сақтап қалады. Қазіргі уақытта Қор: банк секторын сауықтыру және сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту сияқты екі стратегиялық бағытта жұмыс істейді.

Бірінші бағыт шеӊберінде Қор банк жүйесінде несие қоржыныныӊ сапасын жақсарту мақсатында бірқатар ірі мәмілелерді жүзеге асырды.

Атап айтқанда, елдіӊ қаржы жүйесініӊ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қор 2017 жылғы шілдеде сатып алу бағасы 2,6 трлн теӊгеге БТА активтерін сатып алуды жүзеге асырды. Бұл мәміле жұмыс орындарын, халықтыӊ, заӊды тұлғалардыӊ және мемлекеттік компаниялардыӊ депозиттерін сақтауға, кредит берудіӊ төмендеуініӊ алдын алуға, еурооблигациялар бойынша төлемдер бойынша міндеттемелерді қолдауға мүмкіндік берді.

2018 жылғы тамызда Қор "Астана қаласыныӊ жаӊа көлік жүйесі. LRT" жобасын одан әрі іске асыру үшін "Астана LRT" ЖШС алдындағы банктіӊ қарызын өтеу мақсатында Астана Банкініӊ қарыз алушыларына талап ету құқығын Қорға беру бойынша мәмілені жүзеге асырды".

Сондай-ақ, еліміздіӊ агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру үшін ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚазАгро, Қор, Цеснабанк және өзге де тұлғалар арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Негіздемелік келісімді іске асыру Қазақстан Республикасыныӊ агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру мақсатында жүзеге асырылуда. 2018 жылғы 25 қыркүйекте Қор мен "Цеснабанк" АҚ арасында 450 млрд.теӊге сомаға Активтерді сатып алу-сату шартына қол қойылды. Осы келісімніӊ нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласыныӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын сақтауға қол жеткізілді.

Екінші бағыт шеӊберінде Қор активтерді экономикалық айналымға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сатып алынған активтердіӊ сапасын жақсарту мақсатында қарыз алушыларды сауықтыру және олардыӊ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, ал сатып алынған активтер мен жер учаскелерініӊ нарықтық құнын ұлғайту үшін инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жобалар жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қор активтерін басқару және сату процестерін реттейтін Қор активтерін басқару жөніндегі қағидалар пысықталды, олардыӊ шеӊберінде Қор мүлкін сатудыӊ ашықтығы көзделген.

Объектілердіӊ негізгі бөлігі Ақпараттық-есеп орталығыныӊ электрондық сауда алаӊында, сондай-ақ Қордыӊ www.fpl.kz. сайтында сату үшін дайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны