02.05.2017, 12:52 4813

Қазақстан Республикасында 2017 жылғы қаӊтар-сәуірде инфляция 2,7%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2017ж. сәуір 2016ж. желтоқсанға) 3,8%-ға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге - 2,1%-дан өсті.

Астана. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2017ж. сәуір 2016ж. желтоқсанға) 3,8%-ға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге - 2,1%-дан өсті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2017ж. сәуір 2016ж. желтоқсанға) бағаныӊ өсуі картопқа 35,5%, жаӊадан жиналған көкөністерге - 18,8%, қой етіне - 8,8%, сиір етіне - 7,3%, сары майға - 5,4%-ға, жаӊадан жиналған жемістерге, консервіленген сүтке - 4,3%, жылқы етіне, кондитерлік өнімдерге - 3,6%-дан, мәйекті ірімшікке - 3,3%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі жұмыртқаға 11,3%, қантқа - 5,9%, қарақұмық жармасына - 5,7%, күнбағыс майына - 4,4%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге 3,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 2,8%-ға, тоқыма бұйымдарына, фармацевтикалық өнімдерге - 2,3%, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеӊсе тауарларына, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 1,9%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,8%, тұрмыстық аспаптарға - 1,4%-ды құрады. Баллондағы сұйытылған газ 5,8%, бензин - 5,5%, дизель отыны - 2,2%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, денсаулық сақтау - 3,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 1,6%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,6%, ішкі қалааралық - 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардыӊ әуе көлігімен - 2,8% темір жол- 1,9%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8%, орталықтан жылытуға - 5,2%, ыстық суға - 5,1%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2%, электр энергиясына - 2,4%, суық суға - 2,2%-ға жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны