12.06.2006, 10:32 2965

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы қаңтар-мамырдығы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2006 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2437,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 4,4% көп. 2005 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,7%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде – 2,1%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 6,2%-ға өсті. БҰл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

2006 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 141,9 млрд. теңгені құрап, 2005 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,6% өсті.

2006 жылдың қаңтар-мамырында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 716,8 млн. тоннаны құрап, 2005 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,8% өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 575,3 млрд. теңгені құрап, 2005 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 13,5% артты.

2006 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 805,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 1,2 есе артық.

2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикада 236973 заңды тұлғалар тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгілер - 222894. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар - 178678. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 165467 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 119287.

Сыртқы сауда. 2006 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 16095,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2005 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 22,1% өсті, соның ішінде экспорт –10409,3 млн. АҚШ доллары (25% өсті), импорт – 5685,8 млн. АҚШ доллары (17,1% өсті) болды.

Баға. Тұтыну бағаларының индексі 2006 жылғы мамырда 2005 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 5,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,2%, ақылы қызметтер – 5,5% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағалары 2006 жылғы мамырда 2005 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 16,1% өсті.

Қаржы. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі 2006 жылдың 1 мамырында 866,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы 1 мамырдағыдан 50,3% көп, ал шығын – 605,1 млрд. теңгені (50,3%) құрады.

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылдың қаржылық нәтижесі 1880,4 млрд. теңге сомасындағы табыс ретінде анықталды, бұл 2004 жылдың деңгейінен 51% жоғары. Пайдалылық деңгейі 29% құрады. Залалды кәсіпорындардың үлесі есеп берген кәсіпорындардың жалпы санының 38,1% құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына таратқан несиелері 2006 жылғы 1 мамырда 2854,2 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады.

Несиелердің жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 70,2%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 49,2% құрады. 2006 жылғы 1 мамырда банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1856,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы 1 мамырдағыдан 41,8% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) 660,1 млрд. теңге болды, бұл 2005 жылғы 1 мамырдағыдан 36,5% көп.

Еңбек рыногы. 2006 жылғы мамырда жұмыссыздар саны сараптамалық бағалау бойынша 617,3 мың адамды, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздық деңгейі 7,7%, соның ішінде жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдар саны ағымдағы жылғы мамырдың соңында 108,7 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы олардың үлесі – 1,4%.

Халықтың табысы. 2006 жылғы сәуірде, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 17546 теңгені құрап, 2005 жылғы сәуірмен салыстырғанда – 23,0%, нақты ақшалай табысы – 13,0% өсті.
2006 жылғы сәуірде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 38197 теңгені құрап, 2005 жылғы сәуірмен салыстырғанда 23,8% өсті. Нақты жалақы 13,7% көбейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны