13.11.2012, 17:16 2959

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-қазанда 2011 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 101,4% құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 19695,3 млрд. теңгені құрды. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5,2% құрды. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 42,9% құрады, қызмет көрсету - 50,5%.

2012 жылғы қаңтар- қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4026,5 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 2,9 % артық.

2012 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 13582,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2011 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,4 % артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды.

Өндіріс өңдеу өнеркәсібінде 0,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 3,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 6% төмендеді.

2012 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1562,9 млрд. теңгені құрып, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 21,4% кем.

2012 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 390,5 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10% өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 3390,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,8% өсті.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 8943,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 14,9% артты.

Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 165,1 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,8% өсті.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 101657,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 10,9% өсті, оның ішінде экспорт - 69546,7 млн. АҚШ долларын (5,6% өсті), импорт - 32111,1 млн. АҚШ долларын құрады (24,5% өсті).

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 315440 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6% артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар - 299129 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 172139 құрады, оның ішінде 156821 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 228916 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,8%, азық-түлік емес тауарлар - 2,8%, ақылы қызметтер көрсетуге - 7,5% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2% артты.

2012 жылғы қыркүйекте халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 50520 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 7,4%, нақты ақшалай табыстар үшін - 2,3% құрады.

2012 жылғы қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 99804 теңгені құрады. 2011 жылғы қыркүйекке қарағанда 8,6% өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 103,4% құрады.

2012 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 474,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы қазанның соңына 53,9 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны