16.05.2006, 10:20 3051

Қазақстан Республикасының Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жүйесіне қосылуы туралы келісімге үстіміздегі жылғы маусымда қол қойылады деп күтілуде

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жүйесіне қосылуы туралы келісімге үстіміздегі жылғы маусымда өтетін Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің саммиті барысында қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қыщметіне сілтеме жасап.
Осы мәселе кеше үкіметте өткен кеңесте қаралды. Кеңес барысында үкімет басшысының үстіміздегі жылғы мамырда Бакуге сапары шеңберінде мұнайды тасымалдауды қолдау және көмек көрсету жөніндегі екі елдің үкіметтері арасындағы шарт жобасы талқыланды.

Премьер-министр атап өткендей, мемлекеттік мүддені қорғау мақсатында, мұнайды Каспий теңізі арқылы тасымалдауды отандық компаниялардың жүзеге асыруы тұжырымдамалық тұрғыдан маңызды.

Қазіргі уақытта келісім-шартының мәтіні заңнамалық сараптан өтуде, теңіз тасымалы және салық салу мәселелері бойынша мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Бұдан басқа, Даниал Ахметов құжаттардың мейлінше ұғынықты болуы қажеттігіне тоқталды.

Үкімет басшысы келісімді әзірлеуге қатысушы министрліктер басшыларының жеке жауапкершілігіне назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны