16.05.2008, 15:11 3342

Қазақстан Республикасының бюджетіне 2008 жылы түсетін түсімдер 30 млрд теңгеге өседі - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Қазақстан Республикасының бюджетіне 2008 жылы түсетін түсімдер 30 млрд теңгеге өседі - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Биылғы жылы республикалық бюджетке 2729,7 млрд теңге түседі, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 29,9 млрд теңгеге артық. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің министрі Бақыт Сұлтанов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрдің айтуынша мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер бұдан бұрын айтылған болжамдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге ұлғайып, жылдық қорытынды бойынша оның активтері 4 трлн теңгені ($32,8 млрд) құрайды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы айтқанындай, " бюджетке мұнайдан басқа сектордан түсетін түсімдер бойынша бекітілген болжамдардың 260,2 млрд теңгеге төмендеуі, мұнай және мұнай битумына енгізілген баж салығы 159,9 млрд теңге есебінен және ұлттық қордан кепілдендірілген қосымша 120 млрд теңгені тарту арқылы толтырылады".

Б. Сұлтанов хабарлағанындай, айқындалған республикалық бюджеттің шығындары 3064,1 млрд теңге мөлшерінде немесе бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 153,1 млрд теңге өсімімен белгілеу көзделуде. Министр атап өткеніндей, іскерлік инвестициялар белсенділігіне деген тұтыну сұранысын жандандырып, аумақтық бірқатар мәселелерді шешу мақсатында қосымша 200,1 млрд теңге бөлінетін болады".

Министрдің айтуынша басымдылық бағытында серпінді жобаларды жүзеге асыру, білім беру, тұрғын-үй құрылыс салаларындағы құрылыстарды аяқтау, агроөндіріс кешендерін қолдау, аумақтарды жылу беру кезеңіне дайындау және тағы да басқа бірқатар жоспарлар бар.

Сонымен қатар Б. Сұлтанов атап өткеніндей, " күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты әлеуметтік жағынан аз қорғалғандарды қолдау мақсатында 1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақыны алатындардың әлеуметтік төлемдері көтеріледі, сондай-ақ бұл топтарға жарты жылдық бір реттік өтемақы беріледі. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап стипендияның мөлшері ұлғайтылады".

Бұл шараларды қаржыландыру үшін, 2008 жылғы бюджет шығындарына жасалған аудит кезінде басымдық берілмеген бюджеттік бағдарламалардың 33,9 млрд теңгесі анықталып, оның қаржысы қайта бағытталатын болады, сондай-ақ бюджеттің тапшылығы 123,2 млрд теңгеге ұлғайтылады (соның ішінде 21 млрд теңге бос қаржы есесебінен ).

Министр еске салғанындай, бюджеттік комиссияның 2008 жылдың 7 сәуірінде қабылдаған шешімі бойынша 84 млрд теңге мөлшерінде басымдық тізіміне кіргізілмеген және биылғы жылы қаржыландыруы басталатын инвестициялық жобаларға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың операциялық шығындары тоқтатылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны