22.08.2007, 16:29 3943

Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия 97 озық жобаларды бекітті - ҚР вице-премьері

Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен жалпы құны 60 миллиард АҚШ долларын құрайтын 97 жоба мақұлдады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен жалпы құны 60 миллиард АҚШ долларын құрайтын 97 жоба мақұлдады. Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында вице-премьер Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлады агенттік тілшісіне премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

"34 жоба іске асырылу үстінде болса, оның ішінде 29 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде 79 жобаны әзірлеп, іске асырудың жоспары мен кестесі жасалған", деді А. Мусин. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, мемлекеттік комиссия қарауына 300 жоба түскен.

А. Мусин "Қазына" ТДҚ - серпінді жобаларды іске асыру жөніндегі оператор міндетін нақтылайтын уақыт жетті. Атап айтқанда, "Қазына" мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелендіріп, жобаны іске асырудың кестесін әзірлеп, оны жүзеге асыра бастауы қажет",- деп атап көрсетті.

Үкімет басшысы мемлекеттік комиссияның отырысын қорытындылай келе, "30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасының жобасы жарияланып, әлі нақты бекітілмесе де, қоғам тарапынан айтарлықтай қызығушылыққа ие болуда.

"Оның бәрі бағдарлама барысында ескеріледі, талқылаулар, айтылып жатқан сын-ескертпелер бар, мұның бәрі біз үшін өте қажет. Ең соңында, біз нақты әрекет ететін бағдарламаға ие болуымыз керек",- деді премьер-министр. "Сондықтан да ұсыныстар мен ескертпелерге жете көңіл қойып отырмыз. Сөз жоқ, оның бәрі ескерілетін болады",- деп түйіндеді өз сөзін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны