19.01.2007, 15:46 3136

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі мен "Қазына" қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі мен "Қазына" қоры өзара түсіністік пен өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Көлік және коммуникация министрлігінің ұсыныстарынан оншақты жобаға "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ қызығушылық танытып отыр, деп атап өтті "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов.

"Меморандумның мақсаты - екі жақтағы әлеуетті тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы мен Қазақстан Республикасының 2003- 2015-жылдарға арналған индустриялық -инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ұзақ мерізімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту",- делінген меморандумда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны