28.01.2015, 21:34 4040

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеӊес өткізді

Кеӊесте Қазақстанда жұмыс істеу үшін шет елдерден қазақстандық танымал ғалымдарды тарту және олардыӊ жұмыс тиімділігін арттыру, республикадан тысқары кету ықтималдығын азайту мақсатында отандық ғалымдарға жағдайлар жасау мәселелері қаралды

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеӊесте Қазақстанда жұмыс істеу үшін шет елдерден қазақстандық танымал ғалымдарды тарту және олардыӊ жұмыс тиімділігін арттыру, республикадан тысқары кету ықтималдығын азайту мақсатында отандық ғалымдарға жағдайлар жасау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊеске Президент Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары Б.Майлыбаев, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Президент Икімшілігініӊ құрылымдық бөлімдерініӊ басшылары, Білім және ғылым, Инвестиция және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерініӊ, Орталық коммуникациялар қызметініӊ, Назарбаев Университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ өкілдері қатысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Г.Ибдіқалықова Мемлекет басшысыныӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауы аясындағы негізгі бағыттар бойынша қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудыӊ, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандырудыӊ маӊыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы екі комиссияныӊ - Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияныӊ қызметі осы және басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 23,7 мыӊ адам айналысады. Ғылыми ортадағы ғылым докторларыныӊ саны 1688, (9,8%), ғылым кандидаттары - 4915 (28,6%), PhD докторлары - 218 (1,2%), кәсіптік бағыттар бойынша докторлар - 605 (3,5%), ғылыми атағы жоқ ізденушілер - 9774 (56,8%) адам. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі ғалымдардыӊ үлесі 38 % болса, 45 жасқа дейінгілердіӊ үлесі 56%.

2014 жылы Қазақстанда жұмыс жүргізу үшін әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 600-ден астам шетелдік ғалым тартылды, соныӊ 75-і қазақстандық.

"Назарбаев Университет" ААҚ-ға АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Канададан, Франциядан, Италиядан, Нидерландтан 350-ден астам (оныӊ 26-сы қазақстандық) шетелдік ғалымдар шақырылды.

Бүгінде шет елдердегі белгілі ғылыми орталықтарда, атап айтқанда, нанотехнология, роботты техника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары сияқты келешегі зор ғылыми бағыттарда 53 қазақстандық ғалым табысты жұмыс істеуде.

Кеӊес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияныӊ жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны