02.08.2017, 19:15 5305

Қазақстан Республикасыныӊ резервтік активтері 2017 жылғы маусымныӊ соӊындағы жағдай бойынша 30,0 млрд. АҚШ долларына бағаланды

Мұнайдыӊ әлемдік бағасыныӊ салыстырмалы түрде өсуі және "Қашаған" кен орнындағы өндірісті іске қосу, бір жағынан, экспорттық кірістердіӊ өсуін қамтамасыз етті, екінші жағынан, шетелдік тікелей инвесторлар кірістерініӊ өсуіне ықпал етті.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта ағымдағы шоттыӊ тапшылығы алдын ала бағалау бойынша 30,5%-ға төмендеп, 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте 2017 жылғы 2-тоқсанда тапшылық өткен тоқсанмен салыстырғанда 16,2%-ға (1,2 млрд. АҚШ долларына дейін) және өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарды.

Мұнайдыӊ әлемдік бағасыныӊ салыстырмалы түрде өсуі және "Қашаған" кен орнындағы өндірісті іске қосу, бір жағынан, экспорттық кірістердіӊ өсуін қамтамасыз етті, екінші жағынан, шетелдік тікелей инвесторлар кірістерініӊ өсуіне ықпал етті. Brent сұрыпты мұнайдыӊ әлемдік бағалары 2017 жылғы 1-жартыжылдықта орташа алғанда бір баррель үшін 52,2 АҚШ долларын (2016 жылғы 1-жартыжылдықта орташа алғанда бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары) құрады. Сауда балансыныӊ оӊ сальдосы 2016 жылғы 1-жартыжылдықтағы 4,6 млрд. АҚШ долларынан ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта 8,6 млрд. АҚШ долларына дейін екі есе дерлік ұлғайды.

Тауарлар экспорты 2016 жылғы 1-жартыжылдықтыӊ көрсеткішімен салыстырғанда 36,2%-ға немесе 6,2 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 23,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мұнай және газ конденсаты экспортыныӊ құны 44,7%-ға, ал қара және түсті металдар экспорты тиісінше 69,6%-ға және 25,1%-ға өсті.

Тауарлар импорты 2016 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 16,8%-ға ұлғайып, 14,8 млрд. АҚШ доллары болды. Негізгі тауар номенклатурасыныӊ барлық топтары бойынша өсім болды. Еӊ көп ұлғаю азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын әкелу бойынша көбірек болды.

Шетелдік тікелей инвесторлардыӊ кірістерін төлеу 2016 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 1,5 есеге 8,1 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, ал жалпы алғанда инвестициялық кірістер балансыныӊ теріс сальдосы 2017 жылғы 1-жартыжылдықта 8,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Шетелдік тікелей инвесторлар кірістерініӊ 50%-нан астамын Қазақстандағы еншілес кәсіпорындарына қайта инвестициялады.

Қаржы шоты бойынша капиталдыӊ таза әкелінуі (Ұлттық Банктіӊ резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала бағалау бойынша 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша капиталдыӊ таза әкелінуі 4,1 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл негізінен қазақстандық кәсіпорындардағы кірістердіӊ қайта инвестициялануымен және үлестес тұлғалардыӊ алдындағы фирмааралық берешектіӊ өсуімен байланысты болды.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдыӊ таза әкелінуі 2,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл негізінен банктік емес ұйымдардыӊ капиталдыӊ халықаралық нарықтарында еурооблигациялар шығаруы есебінен қамтамасыз етілді.

Басқа инвестициялар бойынша қаржы ресурстарыныӊ елден әкетілуі резиденттердіӊ шетелдік шоттардағы қысқа мерзімді активтерініӊ өсуіне және банктік емес ұйымдардыӊ дебиторлық берешегініӊ ұлғаюына, сондай-ақ банктердіӊ және банктік емес ұйымдардыӊ ұзақ мерзімді қарыздар бойынша міндеттемелерін қысқартуына байланысты болды.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорыныӊ активтерін есептемегенде) 2017 жылғы маусымныӊ соӊындағы жағдай бойынша 30,0 млрд. АҚШ долларына бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортын 8,7 ай қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны