21.02.2007, 16:45 2941

Қазақстан Республикасының салық комитетінің бірнеше қызметкері қызметінен босатылуы мүмкін - қаржы министрі

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының салық комитетінің бірнеше қызметкері атқарып отырған қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін президенттің басқаруымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте Қазақстан Республикасының қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Наталья Коржова комитеттің аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлері туралы сөз қозғалып отырғандығын нақтылай кетті. "Бүгінгі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аумақта жұмыс істейтін салықшылардың атына бірқатар сындар айтылды. Жекелеген салықшылар өздерінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, өздеріне пәтер алғандықтары айтылды",- деп түсіндірді ол.

"Біз бұл мәселенің басын ашамыз, сондай қызметкерлер мен оларды осы лауазымға ұсынғандарды атқарып отырған қызметінен босатамыз",- деді министр. Сөздің нақты қай аймақ жөнінде болып отырғандығы туралы сұраққа, Наталья Коржова: "Орал аймағы және тағы бір аймақ, оны біз Бас прокурордың баяндамасынан нақтылаймыз",- деп жауап берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны