19.12.2014, 22:59 3735

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығыныӊ жоқ екендігін мәлімдейді.

Айырбастау пункттері екінші деӊгейдегі банктердіӊ тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктіӊ тарапынан да қолма-қол шетел валютасыныӊ жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген.

Астана. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығыныӊ жоқ екендігін мәлімдейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығыныӊ жоқ екендігін мәлімдейді. Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі және оныӊ аумақтық филиалдары елдіӊ барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүзеге асырады. Айырбастау пункттері екінші деӊгейдегі банктердіӊ тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктіӊ тарапынан да қолма-қол шетел валютасыныӊ жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген", - деп көрсетілген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны