19.08.2016, 11:25 3866

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі "Сексеуіл" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады

ҚР Ұлттық Банкі 2016 жылғы 19 тамызда "Қазақстанныӊ флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік "Сексеуіл" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2016 жылғы 19 тамызда "Қазақстанныӊ флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік, "рroоf" сапалы "Сексеуіл" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Монета сопақша формалы. Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) Жер ғаламшарын мекен ететіндердіӊ барлығына ұқыпты қарауды білдіретін оныӊ адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазу, монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 g" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.

Монеталардыӊ реверсінде шөл далада гүлдеп тұрған сексеуілдіӊ бейнесі және соғылған жылын білдіретін "2016" деген сан бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "СЕКСЕУIЛ" және осы түрдіӊ латын тіліндегі зоологиялық атауы "HALOXYLON" деген жазу бар. Монетаныӊ оӊ жағында гүлдеп тұрған сексеуілдіӊ бір бұтағыныӊ ұлғайтқыш шыны арқылы көрінген бейнесі берілген. Бұтақтыӊ түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 24И 0, 24 грамм, сопақша 38,61 - 28,81 мм., дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана.

Номиналы 500 теӊгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Сексеуіл (лат. Hal?xylon) - ағаш өсімдіктерініӊ түрі. Шөл далада өсетін ағаш тоғайы - сексеуіл орманын қалыптастырады. Аша бұтақты және жас бұтақтары сынғыш бұталар немесе биік емес ағаштар. Жапырақтары бір-біріне қарсы орналасқан ұсақ түссіз қабыршақ немесе дөӊес пішіндес. Діӊі тегіс емес, мықты, кейде сынғыш болып келеді. Қабығы ақ, қара немесе қоӊыр түсті.

Монета реверсінде тампомөр пайдалана отырып орындалған.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теӊгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ барлық филиалдарында, ҚРҰБ-ныӊ www.nationalbank.kz сайтындағы "Монеталардыӊ Интернет-дүкені" Интернет-дүкені арқылы да сатып алуға болады.Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны:+7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны