22.06.2015, 10:55 3295

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2015 жылғы мамырда инфляция 0,3% 2014 жылғы мамырда - 0,6% болды.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2015 жылғы мамырда инфляция 0,3% (2014 жылғы мамырда - 0,6%) болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардыӊ бағасы 0,8%-ға (0,6%-ға) көтерілді. Азық-түлік тауарларыныӊ және ақылы қызмет көрсету бағасы өзгерген жоқ (тиісінше 0,8%-ға және 0,3%-ға өсті), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азық-түлік тауарларыныӊ ішінде 2015 жылғы мамырда көп дәрежеде алкогольсіз сусындар 1,1%-ға, қант - 0,5%-ға, жемістер мен көкөністер 0,4%-ға, оныӊ ішінде сәбіз - 12,9%-ға, қызылша - 11,7%-ға, нан - 0,3%-ға, ұн - 0,2%-ға, балық және теӊіз өнімдері - 0,2%-ға, макарон өнімдері - 0,1%-ға қымбаттады. Жұмыртқаныӊ бағасы 6,4%-ға, жарма - 0,7%-ға, май және тоӊ майлар - 0,7%-ға, ет және ет өнімдері - 0,3%-ға, сүт өнімдері - 0,2%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында дәрі-дәрмектіӊ бағасы 1,1%-ға, киім және аяқ-киім, тұрмыстық үй заттары - 0,3%-ға өсті. Бензинніӊ құны 6,9%-ға өсті, дизель отыны 0,7%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу тұтастай алғанда өзгерген жоқ. Бұл ретте тұрын үйді жалға алғаны үшін тарифтер 0,6%-ға, тұрғын үйді ұстағаны үшін - 0,2%-ға өсті, электр энергиясы және сұйытылған газ 0,2%-ға төмендеді. Бұдан басқа, қызмет көрсету құрылымында амбулаторлық қызметтіӊ бағасы 0,3%-ға, білім беру қызметі - 0,2%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер - 0,1%-ға өсті. Көлік қызметініӊ құны 0,9%-ға арзандады.

2015 жылғы қаӊтар-мамырда инфляция 1,5% (2014 жылғы қаӊтар-мамырда - 4,5%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдыӊ басынан бастап 1,9%-ға (5,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,4%-ға (4,4%-ға), ақылы қызмет көрсету - 2,0%-ға (3,9%-ға) қымбаттады.

2015 жылғы мамырда инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 4,3% (2014 жылғы желтоқсанда - 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соӊғы 12 айда 4,7%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,6%-ға (7,8%-ға), ақылы қызмет көрсету 4,5%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны