11.01.2007, 18:32 3063

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 2007 жылдың 1-қаңтарында 1,8 трлн. теңгені құрады - Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі қазынашылық мекеме комитеті

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Жедел мәліметтерге сүйенсек, Ұлттық қордың активі 2007 жылдың 1-қаңтарында 1 трлн. 788 млрд. теңгені немесе 14 млрд 039 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР қаржы министрлігінің қазынашылық мекеме комитетінің төрайымы Дина Шәженова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Өткен жылы Ұлттық қорға 699 млрд. теңге аударылған болатын",- деді Д. Шәженова. Оның мәліметтеріне сүйенсек, осы соманың 197 млрд. теңгесі бірінші жарты жылдықта, ал қалған 502 млрд. теңге 2006 жылдың 1-шілдесінен бастап, яғни Ұлттық қорды жинақтаудың жаңа тетігі іске қосылғаннан кейін аударылған. "1-шілдеден бастап барлық мұнай секторлары кәсіпорындарынан тікелей алынатын салықтар, сонымен қатар мемлекет меншігіне жататын тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы нысандарды жекешелендіруден түскен, және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатудан түскен кірістің барлығы Ұлттық қорға аударылады",- деді ол.

Сондай-ақ, қазынашылық мекеме комитетінің төрайымы Ұлттық қор активтерін құратын кәсіпорындар тізімі 1-шілдеден бастап заңмен бекітілетіндігін және де осы күні мұндай кәсіпорындардың саны алғашқы жарты жылдықтағы 6-дан 55-ке жеткенін, соның нәтижесінде қор активтерін біршама толықтыруға мүмкіндік туғанын" атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 2006-жылдың 9 айында 9,9 млрд. теңгені, ал Ұлттық қорды сенімді басқаруға беруге байланысты шығындар 919 млн. теңгені құраған.

Сонымен қатар, Д. Шәженова 2001-2006 жылдарда Ұлттық қорға түскен түсімдердің құрылымдық көрсеткіштері мынадай болғанын жеткізді: ауыл шаруашылығына негізделген жер телімдерін сатудан түскен қаржы 7 млрд. 586 млн. теңгені, мұнай секторындағы кәсіпорындардан түскен кіріс - 1 трлн. 388 млрд. теңгені құрады. Ол сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған 76,6 млрд. теңгенің кепілді трансферттердің тартылмағанын атап өтті. "Бюджеттің кіріс бөлігі 100 млрд. теңгеге асыра орындалды, бұл аталмыш қаржыны алмауға мүмкіндік жасады. Демек, барлық бюджеттік бағдарламаларды, басқаша айтқанда, ағымдағы және даму бағдарламаларының қайсысын болмасын, біз экономиканың мұнайдан басқа секторынан түскен қаржы есебінен қаржыландырдық",- деді комитет төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны