11.10.2007, 15:08 3018

Қазақстан Румынияны Еуроодақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі ретінде қарастырады - Сұлтанов

Қазақстан Румынияны Еуроодақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі ретінде қарастырады.

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Румынияны Еуроодақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі ретінде қарастырады. Бұл туралы бүгін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румын үкіметаралық комиссиясының 6-отырысының ашылуы барысында Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Румынияны біз Еуроодақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастырамыз", - деді Б. Сұлтанов.

Өз кезегінде Румынияның экономика және қаржы министрінің орынбасары, мемлекеттік хатшы Виорела Палашка Румыния жағы қазақстан-румын қатынастарының одан әрі дами түсуін және мемлекеттер арасындағы тауар айналымының өсуін қалайтындықтарын атап өтті. "Екі елдің экономикалық және басқа да салалардағы байланыстары нығая түседі деген ойдамыз", - деді В. Палашка.

Атап айтқанда, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы екі жақты сауда-экономикалық даму: Қазақстан мен Румынияның сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық мәселелері күн тәртібіне қойылған. Сондай-ақ, басқа да салалардағы, атап айтқанда, ғылым, туризм, халықаралық көлік, ауыл шаруашылығы, банк салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалған.

"Біз байқалып отырған біздің елімізбен өзара пайдалы ынтымақтастыққа Румынияның іскерлік ортасының қызығушылығының артуы демеу болған қазақстан-румын саяси ықпалдастығының кеңею тенденциясын жоғары бағалаймыз", - деді министр Б. Сұлтанов. Сонымен бірге ол, Румынияның инвестициялық капиталының елімізге көбірек келуіне ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны