08.04.2009, 17:48 3570

Қазақстан "Сапсан" тікұшағын шығару, құрастыру жіне қызмет көрсету жобасы бойынша Ресейдің серіктесіне айналуы мүмкін

Қазақстан "Сапсан" тікұшағын шығару, құрастыру жіне қызмет көрсету жобасы бойынша Ресейдің серіктесіне айналуы мүмкін

Алматы. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Сапсан" тікұшағын шығару, құрастыру жіне қызмет көрсету жобасы бойынша Ресейдің серіктесіне айналуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Хабар" агенттігінің ақпаратына сәйкес, кеше "Вертолеты России" акционерлік қоғамының өкілдері л үкіметі жетекшісінің орынбасары Серік Ахметовпен кездесті. Онда шетелдерден сатып алынып жүрген тікұшақтардан еш кем түспейтін әуе техникасын екі елдің бірігіп жасау мүмкіндіктері жайында сөз болды. Өткен жылдың қыркүйек айында "Вертолеты России" акционерлік қоғамы 4-5 орындық "Сапсан" тікұшағын шығарудың бірнеше кезеңдік жобасына кірісті. Иуе техникасы түрлі мақсатта қолданылады. Ресейлік мамандардың айтуынша, ол кейбір көрсеткіштер бойынша, шетелдік үлгілерден асып та түседі. Жақында тікұшақты құрастыруға керекті бөлшектердің қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін, техниканы жинауды Ресейде ғана емес, одан тысқары жерде де аяқтаған жөн деген шешім шығарылды. Бұл жобада кімнің әріптес болатыны туралы сұрақ туындағанда, таңдау бірден Қазақстанға түсті.

"Вертолеты России" АҚ "Сапсан" жобасының жетекшісі Дмитрий Родиннің айтуынша, "Дағдарыс әлемнң барлық елдеріне өзінің теріс ықпалын тигізді. Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дейтұрғанмен, елдеріңіз дағдарыспен күресіп қана жатқан жоқ, қайта алдын орап, дағдарыстан кейінгі жағдайды бажайлап, бағдар салып жатыр. Ел халқының тұрмыс жағдайын көтеріп жатыр. Қазақстан - тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Сондықтан да оның кез келген мемлекеттік құрылымымен, не болмаса кәсіпорнымен әріптестік қарым-қатынаста болу тиімді".

"Хабар" агенттігінің мәліметінше, жобаға сәйкес, Қазақстанда холдинг пайда болуы тиіс. Оның құрамына тікұшақтарды құрастыратын кәсіпорындар, техниканы сатумен және жөндеумен айналысатын орталықтар, пилоттарды дайындайтын оқу орындары да кіреді. Бастапқыда бұл жерлерде Ресей мамандары жұмыс істегенімен, кейін іске - білімдерін жетілдіріп үлгерген отандық қызметкерлер де тартылады.

"Бұл жобаны қандай негізде жүзеге асыратынымызды, кімге және қандай міндеттердің жүктелетіні туралы келіссөздер әлі де жүргізіледі. Сондықтан да бір, бір жарым айдан кейін ғана, істің анық-қанығын білуге болады деп есептеймін",- дейді "Вертолеты России" АҚ бас директорының кеңесшісі Андрей Александров.

Қазақстан - дағдарысқа қарсы шаралар кешенін сәтті жүзеге асырып жатқан мемлекет деп есептейді ресейліктер. Бұл туралы Пермь өңірінің әкімшілігімен кездесу барысында да айтылды. Сондықтан да Ресейдің аймақтары Қазақстанмен ынтамақтастыққа үлкен сеніммен қарап отыр.

РФ Пермь өңірінің үкімет төрағасының орынбасары Юрий Уткиннің пікірінше, "көптеген мемлекеттер Қазақстанға - тауарды өткізу нарығы деп қана емес, шикізатпен қамтамасыз етуші өңір ретінде де қарап отыр. Бірақ бүгінгідей қаржы дағдарысы жағдайында екі арада орнаған байланыстардың барлығын тағы бір шолып, жаңа көзқараспен қарап өткен жөн сияқты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны