22.01.2013, 14:14 2885

Қазақстан СonocoPhillips компаниясының Қашағандағы үлесін сатып алу мәселесін шешкен жоқ

Ведомствоаралық комиссия СonocoPhillips компаниясының "Қашағандағы" үлесін сатып алу мәселесін әлі талқылап жатыр, деп еліміздің Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан СonocoPhillips компаниясының Қашағандағы үлесін сатып алу мәселесін шешкен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ведомствоаралық комиссия СonocoPhillips компаниясының "Қашағандағы" үлесін сатып алу мәселесін әлі талқылап жатыр, деп еліміздің Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

"Мен бұл мәселені тездете алмаймын. Мұны шешетін ведомство аралық комиссия бар, олар мәселені әлі талқылап жатыр. Ойлануға әлі бірнеше айымыз бар, ал серіктестеріміздің уақыты аз", - деді ол дүйсенбі күні журналистердің осы мәселеге қатысты сұрағына.

"Серіктестеріміздің бәрінің осы үлесті сатып алу құқы бар. Еліміздің аталған үлесті басымдықпен сатып алу құқы тағы бар. Біздің серіктестеріміз де, Қазақстан да бұл мәселені түбегейлі шешкен жоқ, мәселені қарау мерзімі аяқталған жоқ", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны