10.10.2017, 17:38 4884

Қазақстан стратегиялық маӊызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды

Осыған дейін америкалық компанияныӊ жекеменшігінде болған екі гидроэлектростанцияны Қазақстан мемлекеттік меншікке қайтарып алды.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Осыған дейін америкалық компанияныӊ жекеменшігінде болған екі гидроэлектростанцияны Қазақстан мемлекеттік меншікке қайтарып алды.

Қазақстан Республикасы мен американдық AES Corparation компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімініӊ әрекеті 2017 жылдыӊ 1 қазанында аяқталды.

Осыған байланысты, 2017 жылдыӊ 2 қазанында және 2017 жылдыӊ 3 қазанында "AES Өскемен СЭС" ЖШС және "AES Шүлбі СЭС" ЖШС - екі концессия объектісініӊ 100% қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.

Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардыӊ активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "AES Өскемен СЭС" ЖШС-ніӊ және "AES Шүлбі СЭС" ЖШС-ніӊ мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігіне берді.

Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрі осы компаниялардыӊ Бас директоры етіп Асқар Балабатыровды тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, "KEGOC" АҚ-да, "Алматы ПауэрКонсолидэйтед" АҚ-да, "Алатау Жарык Компаниясы" АҚ-да және "Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы" АҚ-да жұмыс істеген, электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе иен білімге ие, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны