14.05.2007, 15:09 2782

Қазақстан таяу уақыттарда Бургас - Александруполис мұнай құбырысының құрылысына қатысу жөнінде Грециямен және Болгариямен келіссөздер жүргізе бастайды

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан таяу уақыттарда Бургас - Александруполис мұнай құбырысының құрылысына қатысу жөнінде Грециямен және Болгариямен келіссөздер жүргізе бастайды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта республиканың энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ресей жағы Қазақстанға өткізгіштік қабілеті бастапқыда 25-30 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін жететін Бургас - Александруполис мұнай құбырысының құрылысына қатысуды ұсынды",- деді министр. "Қазіргі жағдаймен Ресей жағы Грециямен және Болгариямен келісті, олар осы жылдың ішінде тиісті құжаттарға қол қоймақшы",- деді Б.Ізмұхамбетов. "Біз осы жоба бойынша таяу уақыттарда кездесулерді бастаймыз",- деді ол.

Министр сонымен қатар Ресей мен Қазақстан мемлекет басшыларының соңғы кездесуде Бургас - Александруполис және КТК жобаларын бір уақытта жүргізуге келіскенін және КТК аясын кеңейту жобасының Бургас - Александруполис мұнай құбырысының құрылысынан оза жүзеге асырылатындығы жайындағы шарт қабылданғанын еске салды.

"КТК аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселелер дәйектелді, небәрі екі-үш мәселе қалды",- деді ол. "КТК аясын кеңейтуге қатысты мәселенің созылуына Ресейдің Қара теңізге қосымша 40 млн тонна көлеміндегі мұнайдың жеткізілуі тауқыметтер туғызып, Ресей мұнайының Босфор арқылы тасымалдануына әсер етеді деп санауы себеп болды",- деді Б.Ізмұхамбетов.

"Бағаға қатысты мәселе де келісілген жоқ. Қазіргі жағдаймен КТК бойынша тариф 30,5 долларды құрайды. Ал Ресей келісім бойынша қарастырылған ең жоғары баға - тоннасына 38 доллар деген бағаны белгілеуді талап етуде",- деді ол. "Біз таяу уақыттарда Ресейге барып, осы жоба бойынша ақырғы шартымызды ортаға салатын боламыз",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны