02.07.2009, 13:35 2733

Қазақстан "Тальго" вагондарын пайдалану бойынша Испаниямен арадағы келісімді ұзартпақ ниетте

Қазақстан "Тальго" вагондарын пайдалану бойынша Испаниямен арадағы келісімді ұзартпақ ниетте

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Тальго" вагондарын пайдалану бойынша Испаниямен арадағы келісімді ұзартпақ ниетте. Бұл туралы бүгін Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиноспен арадағы бірқатар келісім-шарттарына қол қою рәсімінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгін Қазақстан - Испания комиссиясының мәжілісінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқыланды", - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні екі ел арасындағы тауар айналымы 700 млн евроны құрайды. Министр осы орайда "екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор" деп атап өтті.

Б. Жәмішевтің хабарлауынша, "Испания жағы Қазақстанда әсіресе транспорт саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда". "Елімізде "Тальго" испан вагондары пайдаланылатыны белгілі, атап айтсақ, теміржол құрамына қызмет көрсету жөніндегі келісімді жаңалау жөнінде сөз қозғалды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны