24.01.2014, 20:03 6208

Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде дәлелденген мұнай қоры бар ірі 15 елдің тобына енді

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан әлем бойынша дәлелденген мұнай қоры бар ірі 15 елдің тобына және газ қоры бойынша алғашқы ондыққа кірді, деп ҚР МГМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан әлем бойынша дәлелденген мұнай қоры бар ірі 15 елдің тобына және газ қоры бойынша алғашқы ондыққа кірді, деп ҚР МГМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Елімізде мұнай өндіру 3 есе артты немесе тәулігіне 1,6 млн. баррельді құрады. Ал, көгілдір отын өндірісі 5 есе өсіп, жылына 40 млрд. текше метр газ өндірілді", - делінген хабарламада.

ҚР 2013 жылдың қорытындысы бойынша шикі мұнайды өндірісі 81,8 млн. тоннаға жетті, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 103,2 % құрады. Ал, өткен жылы газ өндіру көлемі 42,3 млрд. текше метрге жетсе, мұнайды қайта өңдеу көлемі - 14,3 млн. тонн. болды.

"Биылғы жылы 83 млн. тонна мұнай және 41 млрд. текше метр газды өндіру жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы мұнайды қайта өңдеу көлемі 14,7 млн. тонн. жеткізу жоспарланған", - деп түсіндіреді мекеме.

МГМ болжамы бойынша, 2020 жылға қарай мұнай өндіру көлемі тәулігіне 2 млн. баррельді құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны