22.10.2012, 15:36 3585

Қазақстан Тәжікстанға натрий цианидін экспорттамақ

"Бірлескен химия компаниясы" ЖШС Тәжікстандағы алтын өндіретін "Заравшан" және "Апрелевка" компанияларымен натрий цианидін жеткізіп беру туралы меморандум бекітті. Бұл туралы дүйсенбі күні экспорт және инвестициялар жөніндегі Kaznex Invest ұлттық агенттігі хабарлады.

Астана. 22-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Тәжікстанға натрий цианидін экспорттамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бірлескен химия компаниясы" ЖШС Тәжікстандағы алтын өндіретін "Заравшан" және "Апрелевка" компанияларымен натрий цианидін жеткізіп беру туралы меморандум бекітті. Бұл туралы дүйсенбі күні экспорт және инвестициялар жөніндегі Kaznex Invest ұлттық агенттігі хабарлады.

Қазақстандық өнім 2014 жылы, Жамбыл облысының Шу қаласында жылына 25 мың тонна цианди өндіретін зауыт іске қосылған кезде экспортқа шығарылмақ.

Натрий цианидін рудадан алтын мен күміс алу барысында қолданылады.

Қазақстанда 450 тоннаға жуық өңделмеген алтыны бар 30-дан астам кеніш орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны