03.03.2008, 10:00 1543

"Қазақстан темір жолы" 1-сәуірден бастап тарифтерді 8,9% көтереді

"Қазақстан темір жолы" 1-сәуірден бастап тарифтерді 8,9% көтереді

Алматы. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 1-сәуірден бастап магистральды темір жол желісі қызметінің тарифтерін 8,9% көтереді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенбі күні ресми баспасөзде жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып.

Хабарламада "ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің үстіміздегі жылдың 21-ақпанындағы бұйрығымен темір жол көлігімен жүк тасымалына (республикалық (облыс аралық) көмір мен астықтан, сондай-ақ, халықаралық (экспорттық-импорттық) қатынастарда контейнерлік және контрейлерлік тасымалдан басқаларына) магистральдық темір жол желісінің қызметінің тарифы 1-сәуірден бастап 8,9 пайызға қымбаттайды", - деп көрсетілген.

Бұрын хабарлағанымыздай, қаңтар айында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов темір жол тасымалына тарифтің көтерілуін үкімет қолдайды деп мәлімдеген еді.

"Біз бұны қолдауға, тарифтік саясатты қайта қарастыруға дайынбыз. Үкімет теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселесінде де қолдауға әзір", - деп атап көрсетті үкімет басшысы. "Алайда сіздер дәл сонша вагон сатып алынады және астық пен мұнай өнімдері дер кезінде тасымалданады деп нақты айта алатындай кепілдік міндеттеме алуларыңыз керек", - деп атап көрсетті К. Мәсімов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басшылығына арнап.

"Қазірдің өзінде темір жолды дамытудың екі бағдарламасын үкімет қабылдап үлгерді. Жоспарлар әрқашан ізгі ниетте. Алайда қазіргі нәтижелер қанағаттандырмайды. Изірге темір жолды дамытудың тоқтаусыз жұмыс істейтін нақты жүйесін жасаған жоқпыз. Ирқашан жаңа мәселелер туындауда", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны