10.02.2012, 17:09 3769

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның былтырғы таза табысы 750 млн АҚШ долларды құраған

Асқар Мәминнің айтуынша, былтырғы жылды "Қазақстан темір жолы" АҚ қаржылық және өндірістік саладағы оң нәтижелерге қол жеткізумен табысты аяқтап отыр.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның былтырғы таза табысы 750 млн АҚШ долларды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ресейлік "Трансконтейнер" компаниясының бас директоры Петр Баскаковпен жұмыс кездесуі барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Президенті Асқар Мәмин осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Асқар Мәминнің айтуынша, былтырғы жылды "Қазақстан темір жолы" АҚ қаржылық және өндірістік саладағы оң нәтижелерге қол жеткізумен табысты аяқтап отыр.

"Мен бұл жерде бір ғана көрсеткішке назар аударғым келеді. Компанияның 2011 жылғы таза табысы 750 млн. долларды құрады. Бұл бұған дейін болып көрмеген өте ауқымды көрсеткіш", - деді А. Мәмин.

Оның айтуына қарағанда, таза табыстың артуы компанияның тиімділігін арттырудан, тасымалданатын өнімнің өзіндік құнын төмендету есебінен болып отыр. "Біз сараптай келе, жоғарыда айтылғандардан басқа табыстардың негізгі бөлігі транзиттік тасымалдарды дамытудан түсетінін анықтадық. Бұл бағытта біздің компанияның бәсекелестігін арттырудағы, қаржылық тұрақтылығындағы әлеуетіміз шынында да зор. Осы бағытта біз "Трансконтейнер" АҚ-ның үлкен тәжірибесін де ескеретін боламыз", - деді А. Мәмин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны