13.04.2016, 15:44 4536

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ жаӊа төрағасы сайланды

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы 2016 жылғы 11 сәуірдегі отырысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесіне қатысты бірқатар корпоративтік шешімдер қабылдады

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы 2016 жылғы 11 сәуірдегі отырысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесіне қатысты бірқатар корпоративтік шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Трансформация бағдарламасы аясында - Қордыӊ Корпоративтік басқару кодексіне орай қабылданған бірінші құжат бойынша Директорлар кеӊесі құрамына алты жылдан артық сайлану үрдісі мұқият қаралуы тиіс. Бұл Директорлар кеӊесі құрамын сапалық жағынан жаӊарту қажеттілігінен туындайды. Осыған байланысты Қор қоржын компаниялардыӊ Директорлар кеӊесі мүшелеріне талапты күшейтіп, аталған Кодекс ережелерін іске асыруды Директорлар кеӊестеріндегі өз өкілдерінен бастап отыр.

Мәселен, Нұржан Байдәулетов Директорлар кеӊесіне тоғыз жылдан астам мүше болғаннан кейін, өзініӊ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесі төрағалығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді.

Қор Нұржан Тәліпұлыныӊ "Қазақстан темір жолы" АҚ дамуына, Директорлар кеӊесі қызметініӊ тиімділігін арттыруға, корпоративтік басқаруды жетілдіруге қосқан үлесін жоғары бағалап, жемісті еӊбегі үшін алғыс білдірді.

"Самұрық-Қазына" АҚ Трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы болып сайланды. А. Илькявичюстіӊ 2014 жылғы 17 қарашадан бері Директорлар кеӊесіне мүше болуы да сабақтастықтыӊ үзілмеуіне мүмкіндік беріп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны