20.02.2017, 19:14 4520

Қазақстан ТМД бойынша логистика тиімділігі бойынша халықаралық рейтингте 88 орыннан 77 орынға көтерілді

""Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша республикалық маӊызы бар 913 шақырым автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ, оныӊ 767 шақырымы пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін 75 мыӊ адам жұмылдырылды", -деді министр өз баяндамасында.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Инвестиция және даму министрі Жеӊіс Қасымбек министрліктіӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлер тасымалы 2 есеге артып, 104,5 мыӊ контейнерді құрағанын және (2015 жылы 47,3 мыӊ.) 2017 жылы барлық контейнерлер тасымалыныӊ көлемі 330 мыӊ контейнерге дейін жететінін (оныӊ ішінде Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлер 230 мыӊ болады) мәлімдеді.

"Транзиттік авиажолаушылар саны 2016 жылы 250 мыӊнан 478 мыӊға дейін жетті. 2017 жылы олардыӊ саны 600 мыӊға жетеді деп жоспарлануда. Негізгі жолаушылар легін Азиядан Қазақстан арқылы Еуропаға және кері бағытта қатынайтындар құрайды", - деп атап өтті министр.

Қазақстандық әуекомпаниялардыӊ Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеу алынды. Енді ЭКСПО-2017 кезінде туристерге қызмет көрсету үшін Астана қаласына ұшатын әуе рейстердіӊ санын арттыру мақсатында "ашық аспан" жобасын бастау көзделіп отыр.

""Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша республикалық маӊызы бар 913 шақырым автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ, оныӊ 767 шақырымы пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін 75 мыӊ адам жұмылдырылды", -деді министр өз баяндамасында.

2017 жылы бөлінген қаржы есебінен 7 өтпелі жобалардыӊ жұмысы жалғасып, (Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка), жыл соӊында соныӊ 602 шақырымындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,2 мыӊ шақырымды құрайтын 12 жаӊа жобаныӊ құрылысы басталады. Оныӊ ішінде жалпы ұзындығы 2,5 мыӊ шақырымды құрайтын 9 жоба Халықаралық қаржы институтыныӊ (МФИ) есебінен жүзеге асырылатын болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбектіӊ айтуынша, жалпы алғанда, биыл 4,4 мыӊ шақырым жолға жұмыс жүргізіліп, 100 мыӊ адам жұмылдырылмақ. Биыл жалпы ұзындығы 469 шақырымды құрайтын Алматы-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдарын ақылы қылып, төлем өндіріп алу жүйесін іске қосуды жоспарда (2020 жылға қарай 6 мыӊ шақырым жолды ақылы қылып, сол арқылы жыл сайын 30 млрд.теӊге көлемінде қаржы жиналады деп жоспарланып отыр).

Сонымен қатар, министр автожолдармен қатынаушыларға қызмет көрсету деӊгейін арттыру үшін сапалы инфрақұрылымға үлкен мән берілетінін атап өтті. Ағымдағы жылы жолдардыӊ бойында халықаралық талаптарға сай 50 қызмет көрсету нысанын салып, қазір жұмыс істеп тұрған 800 нысанды жаӊғырту жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны