20.05.2009, 15:53 2822

Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып дағдарыстан шығады - Келімбетов

Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып дағдарыстан шығады - Келімбетов

Алматы. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып дағдарыстан шығады. Бұл туралы бүгін бесінші халықаралық пиар-форум барысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып дағдарыстан шығады деген кәміл сенімдеміз. Тіпті дағдарыстан шығумен шектеліп қалмай, дағдарыстан кейінгі дамуға негіз жасайды", - деді Қ.Келімбетов.

Оның пікірінше, "Қазақстан - дағдарыстан шығуда дұрыс жолда келеді, мәселелерді бүркемелеп қоймай, күн тәртібін қалыптастырып, проблемаларды шешу үстінде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны