04.06.2014, 23:43 3419

Қазақстан транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда геостратегиялық орналасуын пайдаланады - А.Бижанов

"Біз батыс пен шығыс арасындағы геостратегиялық орналасуымызды еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру барысында пайдалана аламыз. Экономикалық тұрғыда оның әлеуеті миллиардтаған АҚШ долларына бағалануда. Ал, Қазақстанның инвестициялық тартымыдылығы жаңа серпін алады", - деді А. Бижанов.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан транзиттік әлеуеттін жүзеге асыруда геостратегиялық орналасуын пайдаланады, деп ОКҚ брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов мәлім етті.

"Біз батыс пен шығыс арасындағы геостратегиялық орналасуымызды еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру барысында пайдалана аламыз. Экономикалық тұрғыда оның әлеуеті миллиардтаған АҚШ долларына бағалануда. Ал, Қазақстанның инвестициялық тартымыдылығы жаңа серпін алады", - деді А. Бижанов.

Сарапшылардың бағалауынша, үш мелекеттің қаржы жүйесін біріктіруі олардың ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады және экономикаға әсер етеді.

"Бұл жаңа нарықтардың жоғары қарқынмен дамуының және әлемдік экономикалық дағдарыста тұрақты болуының салдары", - деп депутат атап өтті.

Сонымен қатар, сенатор экономиканы әртараптандыру мәселелерінде тілге тиек етті.

"Белоруссия мен Ресейдің машина жасау және экономиканың ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларында артықшылықтары басым. Осы ретте белоруссиялық және ресейлік кәсіпорындармен байланыс орнату экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Болжанып отырған өндіріс кооперациясы біздің шағын және орта бизнестің алдында үлкен мүмкіндіктерді ашады", - деді А. Бижанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны