07.07.2015, 16:17 3800

Қазақстан туралы "EXPO Family Film" фильмі Халықаралық медиа-байқаудыӊ "алтынын" ұтып алды

"ЭКСПО-2017" көрмесі туралы фильм Германиядағы Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары фестивалінде бірінші орынды алды. Фестивальге барлығы 38 ел және 40-қа жуық корпорация, агенттік, телевизиялық арна қатысты

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" көрмесі туралы фильм Германиядағы Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары фестивалінде бірінші орынды алды. Фестивальге барлығы 38 ел және 40-қа жуық корпорация, агенттік, телевизиялық арна қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"EXPO Family Film" (ЭКСПО-ныӊ отбасылық фильмі) "Корпоративтік коммуникациялар: келушілерге арналған ақпарат" аталымында алтынды ұтып алды. Сонымен қатар, фильм өз аталымында үздік атанып, "Гранд" марапатына лайық деп танылды. Фильм өткен жылдыӊ қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясындағы таныстырылым үшін түсірілген болатын. Фильмніӊ мақсаты - шетелде ЭКСПО-2017 көрмесін кеӊінен таныту, Астанадағы көрмеге халықаралық қатысушыларды және туристерді тарту.

Гамбургте (Германия) өткен Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары фестивалі осы саладағы еӊ жетекші іс-шаралардыӊ бірі болып табылады. Фестивальді медиа-маркетинг саласындағы жетекші компания "Intermedia" 2000 жылдан бері өткізіп келеді және ол бүкіл әлемдегі шығармашылыққа жаны жақын тұлғалардыӊ басын біріктіруге арналған. Байқауға ірі және шағын компаниялар қатыса алатынын атап өту қажет. Қазылар алқасыныӊ айтуы бойынша, "Астана ЭСКПО-2017" ҰК" АҚ-ныӊ тікелей атсалысуымен түсірілген Қазақстан туралы фильм елді жалпы таныстыруды, 2017 жылы өтейін деп отырған көрмеге шақыруды көздеген өз мақсатын көрермендерге толығымен жеткізе алды.

"Айрықша әсер қалдырып отыр. Табиғат, мәдениет, технология, күнделікті тұрмыс, барлығы керемет түсірілген. Басты кейіпкерлер өз бейнелерін шынайы сомдаған, оларға сенесіӊ. Фильмдегі негізгі сәттердіӊ өзіне ғана тән дара ырғағы бар және жан тебірентерлік сезімге бөлейді. Осы фильмді тамашалаған барлық көрерменде Қазақстанды көруге деген ынта пайда болады", - деген бағасын берді қазылар алқасы қазақстандық фильмге.

Фильмде Қазақстанныӊ тауларын бағындырып жүрген альпинисші, Астана Опера жаӊа театрында өнер көрсететін опералық әнші, елордада тұратын қала бизнесмені, Назарбаев Университетініӊ профессоры, археолог және жобалаушы секілді түрлі кейіпкерлердіӊ өмірлері баяндалған. Фильм авторлары тарихи, техникалық және кәсіби даму тұрғысынан қазіргі заманғы Қазақстанмен таныстырып, шетелдік қонақтарды елімізге шақырады.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдыӊ 15 қаӊтарындақұрылды. Көрме Астанада 2017 жылдыӊ 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аз емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ 5 миллионға жуық рет келеді деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны