09.03.2011, 14:48 4567

Қазақстан туристерді тартуда ілгерлеушілік танытпай отыр

Қазақстан туристерді тартуда ілгерлеушілік танытпай отыр. Бұған Илемдік экономикалық форумының сарапшыларының жария еткен мақаласы дәлел болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан туристерді тартуда ілгерлеушілік танытпай отыр. Бұған Илемдік экономикалық форумының сарапшыларының жария еткен мақаласы дәлел болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан "Саяхат және туризм: бәсекеге қабілетті-2011" әлемдік экономикалық форумының рейтингінде 93 орынды місе тұтқан.

Илемнің 139 мемлекеті қатысып отырған рейтингте ТМД елдері арасында Россия (59 орында), соңынан Грузия (73), Изірбайжан (83), Украина (85), Армения (90), Қазақстан (93), Молдавия (99), Қырғызстан (107), Тәжікстан (118) кезегімен көшбасшылық етуде.

Жасалған баяндама бойынша, көшбасшысы болып отырған алғашқы ондық тізіміне кіретіндер Швейцария, Германия, Франция, Австрия, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Канада мен Сингапур.

Баяндамада аталғандай, ғаламдық экономикалық дағдарыстың қыйын кезеңінен кейін, туризм саласы қайтадан жанданып келеді: 2010 жылдан бері осы салада 5-6% өсу байқалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны