25.08.2006, 17:57 3115

Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы

АСТАНА. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Түркияда мұнай өңдеу зауытын салып, жанармай тарату бекеттерінің желісін сатып алмақшы. Бұл туралы еліміздің туризм және спорт министрінің орынбасары Рашид Мусин бүгін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына бірігу жөніндегі келісімге қол қойғандықтан, біз Түркияда мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігін талқыладық",- деді Р.Мусин. "Қазақстан жағы сонымен бірге мұнай өңдеу зауытын салумен ғана шектелмей, мұнай базалары немесе жанармай тарату бекеттерінің желісі сынды активтердлі сатып алу жөнінде де ұсыныс жасап отыр",- деді ол.

Р.Мусиннің айтуынша, "Түркия жағы бұл ұсынысты қолдап отыр". "Қазақстан мен Түркия арасында ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы келісім-шартына қол қойылады",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны