31.07.2008, 15:22 3190

Қазақстан үкімет басшысы Индустрия және сауда министрлігіне еліміздің сауда саясатын дәйектеуді тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы Индустрия және сауда министрлігіне еліміздің сауда саясатын дәйектеуді тапсырды

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігіне еліміздің сауда саясатын дәйектеуді тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеден комитетінде өткен кеңес барысында берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кеден органдарында кеден заңнамасының жобасына қатысты жұмыстармен қатар мен еліміздің сауда саясатын дамыту мақсатын қоямын, ал кеден саясаты оның жалғасына айналады", - деді Кәрім Мәсімов.

Индустрия және сауда министрлігі өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде ол "еліміздің сауда саясатына қатысты мәселенің бүгінде сын көтермейтіндігін" айтып, министрлікке тиісті құжаттарды дайындауды жүктеді.

"90-шы жылдардың орта шенінде барлық бұрынғы Кеңестік кеңістікте өндірістердің жұмысы тоқтап, тауар мен өнім жетіспегендіктен, оны сырттан әкелуді, "челноктардың" пайда болуын ынталандыру мақсаты қойылды, барлық тауқыметті "челноктар" шешті, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі экономикалық белсенді тұрғындарының 30% "дорбалап таситын" саудаға тартылды", - деді ол.

"Ал қазір жағдай мүлдем бөлек, "дорба арқалағандар" атқарған мақсат-міндеттер бүгінде шешілді, енді біз жаңа даму кезеңінде айқын әрі анық ойын ережелерін, соның ішінде еліміздің өз ішінде өндірісті дамытуға жағдайлар жасауға тиіспіз", -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны