24.01.2012, 14:09 3934

Қазақстан үкіметі 2012 жылы экономика өсімін 7 пайызға жеткізбек

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов дүниежүзілік қаржылық дағдарысқа қарамастан 2012 жылдың нәтижелері бойынша ІЖӨ өсімін 7 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл туралы ол Астанада сейсенбіде үкіметтің отырысында айтты.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі 2012 жылы экономика өсімін 7 пайызға жеткізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов дүниежүзілік қаржылық дағдарысқа қарамастан 2012 жылдың нәтижелері бойынша ІЖӨ өсімін 7 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл туралы ол Астанада сейсенбіде үкіметтің отырысында айтты.

Осы орайда К.Мәсімов орынбасары Қайрат Келімбетовке бұл жоспарды қамтамасыз ету үшін бүкіл мемлекеттік органдардың және әкімшіліктердің жұмысын үйлестіруді тапсырды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын ескере отырып үкімет алдында экономиканың жылдық өсімі 7 пайызда болады деп болжаған болатын.

Республика президенті Н.Назарбаев өткен жылы көктемде Қазақстанда 2015 жылға дейін жыл сайын экономиканың 7 пайыздық өсімі қамтамасыз етілуге тиіс, деп мәлімдеген.

2011 жылы Қазақстанда ІЖӨ 7,5 пайызға өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны