23.02.2016, 13:05 4342

Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейінгі елдіӊ дамуыныӊ жаӊа стратегиялық жоспарын әзірлейді

"Үкімет тиісті бастамамен Мемлекет басшысына жүгінді және Елбасы қолдау білдірді. Біз 2025 жылға дейінгі елдіӊ дамуыныӊ жаӊа стратегиялық жоспарын әзірлейміз. Бұл бағыттағы жұмыс жылдыӊ ортасына дейін аяқталады. Жоспарда барлық жаӊа үрдістер, Қазақстан экономикасын дамытудыӊ жаӊа бағыттары көрініс табады", - деді Е.Досаев тілшілерге берген сұхбатында

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейінгі елдіӊ дамуыныӊ жаӊа стратегиялық жоспарын әзірлеуге ниетті, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Үкімет тиісті бастамамен Мемлекет басшысына жүгінді және Елбасы қолдау білдірді. Біз 2025 жылға дейінгі елдіӊ дамуыныӊ жаӊа стратегиялық жоспарын әзірлейміз. Бұл бағыттағы жұмыс жылдыӊ ортасына дейін аяқталады. Жоспарда барлық жаӊа үрдістер, Қазақстан экономикасын дамытудыӊ жаӊа бағыттары көрініс табады", - деді Е.Досаев тілшілерге берген сұхбатында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Минстрдіӊ айтуынша, қазақстандық экономиканыӊ дамудыӊ жаӊа шындығы мен жаӊа кезеӊіне кіруіне байланысты Үкіметте және Ұлттық банкте орта мерзімді және ұзақ мерзімді саясат қайта қаралады.

Оныӊ айтуынша, "болжам бойынша әлемдік экономиканыӊ дамуы шикізат бағасымен байланысты және ол консервативті және пессимистік болады".

Бұдан өзге, ҰЭМ басшысы айтып өткендей, наурыз айыныӊ ортасында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тексеру бойынща жұмыс аяқталады.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша наурыз айыныӊ ортасында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тексеру бойынша жұмысты аяқтаймыз. Ол жерде бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, өӊдеуші өнеркәсіп саласындағы экономиканы әртараптандыруға қолдана алатын шараларды қатаӊ анықтаймыз", - деп түсіндірді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны