23.06.2009, 12:29 1229

Қазақстан үкіметі басқа мемлекеттердің алдындағы берешекті заңдық тұрғыда жеткілікті дәйектеусіз өтеуде - Есеп комитеті

Қазақстан үкіметі басқа мемлекеттердің алдындағы берешекті заңдық тұрғыда жеткілікті дәйектеусіз өтеуде - Есеп комитеті

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі басқа мемлекеттердің алдындағы берешекті заңдық тұрғыда жеткілікті дәйектеусіз өтеуде. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Үкіметтің өз берешектерін мұқият өтейтіндігі, бірақ оның негізділігі мен нақтылығын жете анықтамайтындығы түсініксіз жайт", - деді Омархан Өксікбаев.

"Мәселен, Түрікменстан мен Ресейге берешек 4 млрд астам теңге жеткілікті дәрежеде заңдық тұрғыда дәйектелмей жатып өтелген", -деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "үкімет елдің мүддесі қорғалып, бюджет толығуға тиіс келісімдерге мониторинг жүргізуді ұмыт қалдырған".

"Ресейден Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына 1998 - 1999 жылдары берілген электр қуаты бойынша 2,5 млрд теңге көлеміндегі берешекті өтеу Бюджеттік кодекс нормаларына қайшы келген, ал ол бойынша негізгі бюджеттік несиені алған несиегер - "Батыс Қазақстанның таратушы электр желілік компаниясы" АҚ болған", - деді Есеп комитетінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны